«Қазақконцерт» 66-концерт маусымының ашылуы
«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы Астана қаласында өзінің 66-шы концерттік маусымын салтанатты түрде ашты. Салтанатты кеште ұлттық музыка, опера, классикалық туындылар мен эстрадалық шығармалар орындалып, еліміздің белгілі өнер ұжымдары мен танымал әртістері қатысты.